Балалық шақтағы жалғыздық қартайғанда алжу қатерін 40%-дан аса арттырады
Балалық шақтағы жалғыздық қартайғанда алжу қатерін 40%-дан аса арттырады
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Depression reference image. /Getty Images

Қытайдың Бейжің қаласындағы Capital Medical University зерттеу тобы халықаралық * JAMA Network Open * академиялық мерзімді басылымында 17 жасқа дейінгі жалғыздық пен деменция және қартайғанда когнитивтік қабілетінің төмендеу қаупі арасындағы байланысты қадағалайтын ұзақ мерзімді зерттеу нәтижелерін жариялады. Ғалымдар ересек кездегі жалғыздықтың когнитивтік қабілеттің төмендеу және алжу қаупінің жоғары болуымен байланысы белгілі болғанымен, балалар өміріндегі мұндай сәттердің ұзақ мерзімді салдары болатыны немесе болмайтыны толық зерттелмегенін түсіндірді. Табаны күректей жеті жыл бойы жүргізілген зерттеуде 13 592 қарт адам (орташа жасы 58,3 жас) бақылауға алынған екен. Зерттеушілер «жалғыздық» тобына 565 адамды (4,2%) жатқызған - олар 17 жасқа дейін жиі жалғызсырағанын және «жақын” достарының болмағанын хабарлаған. Тағы 6 525 адам (48%) «ықтимал жалғыздық» тобына жатқызылды. Талдау үшінші топты да қамтыды: жалғыздықты сезінбегендер. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, “жалғыздық” тобындағылардың орта және егде жаста “жалғыздықты сезінбегендерге”қарағанда алжуға шалдығу қатері 41% жоғары болып шыққан. «Жалғыздық» тобындағылардың когнитивті қабілеттің төмендеу деңгейі жыл сайын 0,02-0,03 SD (стандартты ауытқу) жеделдеген - «жалғыздықты сезінбегендерге» қарағанда едәуір жылдам. Бұл тараптағы зерттеу балаларды жалғызсыратпаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Upstage Solar AI

Islam.kz

0 пікір
Мұрағат