|
Барлығын дерлік істей алатын робот құрастырылды (видео)
|
Қытайдың Unitree компаниясы дөңгелекпен және адымдап қозғалу жүйелерін біріктіретін жаңа As2-W роботын ұсынды. Мұндай құрылым машинаға баспалдақты, тас соқпақтарды, жылғалар мен тік беткейлерді, қысқасы, ойлы-қырлы жерді оңай еңсеруге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CGTN ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай робот далалық зерттеуге, жүктерді жеткізуге және қол жетпейтін жерлерде жұмыс істеуге арналған. Робот нақты уақытта өзгермелі рельефке бейімделуге және қажетті жабдықтарды тасымалдауға қабілетті. As2-W аккумулятордың бір заряды 30 шақырымнан асатын жолды еңсеруге мүмкіндік береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)