Бес жылдан соң АІ орталықтары күллі Жапониядан артық энергия тұтынады
Бес жылдан соң АІ орталықтары күллі Жапониядан артық энергия тұтынады
2 ай бұрын 915 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары GPT және осыған ұқсас жасанды зерденің генерациялық түрлері технологиялық төңкерістің наты көрінісіне айналған. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты мұндай технологиялар энергияның нағыз жұтына айналып келеді. Дата орталықтар көбейген сайын қоршаған ортаның ластану деңгейі арта береді. Дәлірегі, АІ орталықтарының жұмысы қыруар энергияны қажет ететіндіктен атмосфераға бөлінетін парникті газдар мөлшері де арта береді. Енді бір бір саусақ санындай жылдары, яғни, 2030 жылы АІ орталықтарының электр энергиясын тұтыну көрсеткіші күллі әлем бойынша сағатына 900 тераватқа ұлғаяды. Дата-орталықтардың планетаға келтірер залалы жылдан жылға арта бермек. Қуатты графикалық процессорлардың жұмысынан атмосфераға бөлінетін парникті газдан бөөлек деректерді өңдеу орталықтарын салу кезінде, бетон плиталарын, болат конструкцияларын және бүкіл инфрақұрылымды өндіру кезінде пайда болатын зияндық қалдықтардың көбінесе көлеңкеде қалады, яғни, ескерілмейді. айтады, бірақ, дәл осы қалдық «көміртегі қайраңын» қалыптастыратынын біреу білсе, біреу білмес. AI деректерін өңдеу орталықтарының CO ₂ -ні атмосфераға бөлу көрсеткіші 2030 жылға қарай шамамен 220 млн тоннаға жетпек. (Салыстыру үшін алсақ, 8000 шақырым жол жүрген дизелді автокөлік бөледі). Goldman Sachs мәліметінше, АІ орталықтарының жұмысына жұмсалатын энергияның шамамен 60%-ы қазбалы отыннан өндірілетінін ескрсек, мұндай орталықтардың қоршаған ортаға теріс әсерінің қаншалықты ауқымды екенін іштей шамалай беріңіз. Бұдан бөлек, деректерді өңдеу орталықтарының құрылысы тұтас кешен дерсің – ауқымды жерді алады. Мәселен, Ішкі Моңғолоия аумағындағы China Telecomm ақпарат паркі 930 000 шаршы метрді алып жатыр. Оның энерги тұтыну тығыздығы әдеттегі кеңселерге қарағанда 50 есе жоғары.

0 пікір
Мұрағат