|
Бір ғасырдан кейін құнды ресурс таусылады
|
Янтар - 100 жылдан кейін таусылуы мүмкін орны толмас ресурс. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Ресей Федерациясындағы Калининград янтар комбинаты бас директорының зергерлік өндіріс және коммерциялық қызмет жөніндегі орынбасары Майя Скворцова мәлімдемесіне жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген маман янтар кенін іздеу бағытында геологиялық жұмыстар үзбей жүргізіліп келе жатса да әлі күнге табылмағанын әрі бұл тараптағы жұмыстардың нәтижесі болатынына сенбейтінін жеткізді. Янтар өндірісінде күллі әлемде төрт елмжетекші орынға ие: Украина – 270-300 тоннасы өндіріліп, жылына экспортынан 200 млн еуро табыс табады; ал екінші орыннан Ресей көрінген – 250-270 тонна; үшінші орынға Полша табан тіреген – 150-170 тонна; төртінші орынға Литва иек артқан – 40-80 тонна. Янтар негізінен өнер туындыларында, интерьерде, зергерлік бұйымдарда, ғылыми зерттеулерде, медицинада, т.б. қолданылады.