Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады
18 сағат бұрын 179 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2039 жыл бір Григориан жылында үш айт пен екі қажылық маусымы болады. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда  ислам және григориан күнтізбелерініңң сирек те болса тұспа-тұс келетінін айта кетпекпіз. Ислам күнтізбесі григориандағыдан шамамен 11 күнге қысқа және 2039 жылы бұл айырма күнтізбелердің сирек қиылысуына әкеледі: мұсылмандар Құрбан айтты екі рет және Ораза айтты бір григориан жылында бір мәрте атап өтетін болады. Қажылықтың екі маусымы да 2039 жылы өтеді. Ислам (хижра) күнтізбесі - ай циклдеріне негізделген ай күнтізбесі. Бұл күнтізбеде 12 ай айы әдеттегі григориан жылындағы 365 күнмен салыстырғанда 354 күнді құрайды. Осындай айырмашылыққа байланысты исламға тән атаулы күндер әр григориан жылынан шамамен 10-11 күнге ерте ауысады. Шамамен 33 жыл бойы ислам айлары мен діни атаулы күндер түрлі маусымдарға ауысып отырады. Григориан жылдарының көпшілігінде мұсылмандар бір Құүрбан айт пен бір Ораза айтты атап өтеді. Алайда, белгілі бір жылдары қысқа хижра жылының бір ислам айы бір григориан жылы ішінде екі рет қайталануға мүмкіндік береді. Григориан күнтізбесі бойынша алғанда: 2039  жылы қажылық маусымы болады да қаңтар айының 5-і күні (1460-шы жылдың Зүлхижа айының 10-ы күні) Құрбан айт аталып өтеді және осы жылдың желтоқсан айында қажылық маусымы болады әрі желтоқсанның 26-ы күні (1461 жылдың Кұлхижа айының 10-ы күні)  тағы Құрбан айт болады. Ал  Ораза айт 2039 жылдың қазан айының 19-ы күні аталып өтеді (1461 жылдың шәуіл айының 1-і күні). Кейбір жарияланған күнтізбелер бойынша бірінші Құрбан айт мерекесі қаңтардың 5-не емес, 6-на тура келеді, себебі, түрлі есептеу әдістері бір күн айырмашылықты көрсеткен. Бұл кесте Ум әл-Кура күнтізбесіне сәйкес келеді, оған сәйкес 1460 жылдың Зүлхижа айының 10-ы 2039 жылдың қаңтар айының 5-не сәйкес келеді. 2039 жылғы бірінші Зүлхижа іс жүзінде 2038 жылдың желтоқсан айның аяғында басталады. Ум әл-Курға негізделген күнтізбеге сәйкес 1460 жылдың Зүлхижа айының 1-і 2038 жылдың желтоқсан айының 27-не сәйкес келеді. Қажылық жоралғылары 2039 жылдың қаңтарын айының 3-не сәйкес келетін Зүлхижаның 8-нен басталады. Арапа күні қаңтардың 4-і күніне, одан кейін Құрбан айт күні қаңтардың 5-не сәйкес келуі мүкін. Қажылық күндері қаңтар айының Зүлхижаның 813 күндері аралығында өтпек. Келесі Зүлхижа 2039 жылдан кейін басталады. Екінші қажылықтың негізгі күндері желтоқсанға, тура келмек: Арапа желтоқсанның 25-і, ал Құрбан айт желтоқсанның 26-да болуы ықтимал. Екі қажылық та екі түрлі ислам жылдарына жатады: хижра бойынша 1460 және хижра бойынша 1461. Хижра күнтізбесі Григорианға қарағанда неге қысқа дегенге келсек, ай күнтізбесіпен есептелетін жыл қысқа келеді. Мәселен, 2030 жылы қасиетті Рамазан айын екі мәрте болады. Алғашқы ораза айы қаңтар айында, екіншісі желтоқсанда болады. Осы желтоқсан айындағы айындағы Рамазан айы Григориан күнтізбесі бойынша 2031 жылы да жалғасады әрі Құрбан айт та осы жылы болады. Десе де бұл күнтізбе нақты әрі түпкілікті емес. Болжанған күндер ретінде алға шығады.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат