Blue Ghost ғарыш аппаратының Айға қонған сәті таспаға тартылды (видео)
Blue Ghost ғарыш аппаратының Айға қонған сәті таспаға тартылды (видео)
4 ай бұрын 810 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық Firefly Aerospace компаниясының Blue Ghost ғарыш аппараты наурыз айының 2-і күні Жердің табиғи серігіндегі Дағдарыстар теңізіне қалай қонғанын борт камерасы арқылы таспаға тартып алыпты. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. BlueGhost ғарыш аппараты Айда өткізген бірнеше күннің ішінде ай реголитін зерттеуге кірісті және ұшуды басқару орталығына 57 гигабайт ақпарат жіберді. Blue Ghost миссиясының ғылыми бағдарламасы екі аптаға шақталған. Бұл бағдарлама реголит пен ай қойнауының құрылысын зерттеуді, Айдағы GPS жүйесінің сигналдарын ұстау бойынша тәжірибе жүргізуді, Жер мен оның табиғи серігі арасындағы нақты қашықтықты анықтауды, радиацияға төзімді компьютерді сынауды және жер магнитосферасының күн желімен өзара әрекеттесуін өлшеуді қамтиды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3