|
Бүкіл әлем бойынша жауын-шашын қышқыл тартып барады
|
Ғалымдар Арктикадағы жауын-шашыннан бастап жаңбыр мен қардан еріген суға дейінгі шөгінділерде трифторуксус қышқылы (TFA) концентрациясының (шоғырлану деңгейінің) барған сайын жоғарылап келе жатқанын тіркеді. Трифторкус - синтетикалық компонент; «мәңгілік химикаттар» тобына жатады және қоршаған ортаға өнеркәсіптік өндірістен, тоңазытқыш агенттерінің ағуынан, кейбір пестицидтердің ыдырауынан, тіпті, анестезия құралдарын қолданудан тап болады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. TFA Германия ағаштарындағы жапырақтарда 10 есеге дейін артып кеткен. Еуропаның көптеген елдерінде ағын судан, топырақтан, мұз шатқалдарынан кездеседі. Аталмыш қышқыл табиғи жолмен ыдырамайды. Топырақта, тірі организмдерде жинала береді. Адамның қаанынан, зәрінен, азық-түліктен, сусындардан, т.б. табылып жатыр. TFA-ның нақты залалы мен зияны нақты белгілі емес. Дегенмен, ең алдымен адамның ұрпақ тарату қабілетіне елеулі қатер төндіретіні анықталды. Еуропа TFA-ны улы заттар санатына жатқызу бағытында жұмыс істеп жатыр. Егер нақты шешімге келсе, оны пайдалануға шектеу қояды.