Чип индустриясының ерекшелігі айтылды
Чип индустриясының ерекшелігі айтылды
1 ай бұрын 413 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жартылай өткізгішті әдетте жаңа технологияның соғып тұратын жүрегі деп атайды немесе сипаттайды. Мұндай теңеу жартылай өткізгіштің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, осы заманғы технологияның негізгі компоненті – чип индустриясының ережесін өзі орнататын ойыншылар кімдер? Бұл сауалға жауап бермес үшін бірқатар аталмыш индустрияның бірқатар аспектісіне тоқталып көрмекпіз. Мәселен, Америка құрама штаттары жеткізу тізбегіне қадағалауды күшейтіп, Қытайды бақылауда ұстағысы келсе, Қытай тарапы америкалық чип өндірушілерінің әлеуетіне қол жеткізуді қалайды. Ешбір тарап өзі бетінше әрі бір жақты әрекет ете алмайды. Өйткені, бұл индустрия өндірістың барлық кезеңінен жеткізу тізбегіне дейін бір-бірімен трансшекаралық тығыз байланыста. Чиптерді өндірудің әрбір кезеңі - өндіру, жобалау, дайындау, орау және тестілеу ынтымақтастықтың жаһандық желісі мен мамандануына яғни, чип өндірісінің белгілі бір саласына байланысты. Бұл желіде кейбір елдер мен компаниялар патенттелген технологиялардың арқасында үстем жағдайға ие болып, кейбіреулері айрықша ықпал ету құқығына ие болған. Бұл индустрияның негізін кварц құрайды, оны көбінесе «ақ құм» деп атайды. Бұл өндірісте жартылай өткізгіштер үшін тек өте таза кварц қана жарамды - ол схемалардағы ақауларды азайтады: тазалық көрсеткіші кемінде 99,999% болуы тиіс. Кварцтың шамамен 90% -ы бір көзден: Солтүстік Каролинадағы Spruce Pine кенішінен келеді. Кварцты шығарғаннан кейін Shin-Etsu Chemical жапон компаниясы пластинаға өңдейді, содан кейін оларды Тайуандағы TSMC сияқты ірі құю зауыттарына жеткізеді. 2023 жылғы жағдай бойынша Shin-Etsu әлемдік пластина нарығының шамамен 30% -ын бақылаған. Жапондардың Shin-Etsu Chemical осы саланың айқын көшбасшысы десе де болады. TSMC бұл пластиналарды Нидерландыдағы ASML компаниясы әзірлеген төтенше ультракүлгін диапазондағы (EUV) литографиялардың көмегімен микроскопиялық схемаларды өңдеу үшін пайдаланады. Бұл станоктар қазіргі заманғы чиптерде күрделі өрнектер жасау үшін қажет. Одан ары өңдеу үшін TSMC америкалық Lam Research компаниясына жүгінеді - оның өңдеу құралдары металл және кремний қабаттарын дәл кеседі. ASML әлемдік литография жабдықтары нарығының шамамен 80% -ын бақылайды, ал Lam Research өңдеу нарығының 50% -дан астамына ие. Чип технологиясы күрделене түскен сайын бұл саладағы монополия тамырын тереңге жайып барады. 2003 жылы ол кезде озық деп саналатын 130 нанометрлiк техпроцесс бойынша чиптер шығаруға қабiлеттi 26 жартылай өткiзгiш зауыт жұмыс iстедi. Бүгінгі таңда тек үш компания - TSMC, оңтүстік кореялық Samsung Electronics және американдық Intel - 3 нанометрлік масштабта чиптерді жаппай өндіру мүмкіндігіне ие. Бұл нарықтың үлесі туралы деректер биліктің шоғырлана түскенін. TSMC құю өндірісінің әлемдік нарығының 67,1% -ын алады. Одан кейін Samsung - 8,1%, ал қытайдың SMIC компаниясы - 5,5%. Жиынтығында осы үш компанияға бүкіл әлемдегі чиптердің барлық келісімшарттық өндірісінің 80% -дан астамы тиесілі.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3