Cоңғы 60 жылда адамзаттың ет өнімдерінің ішінде қандай түріне артықшылық беріп келгені белгілі болды
Cоңғы 60 жылда адамзаттың ет өнімдерінің ішінде қандай түріне артықшылық беріп келгені белгілі болды
1 сағат бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы 60 жылда адамзаттың тұтынатын ең мөлшері де, түрлері де көп өзгеріске ұшыраған. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне жөн сілтеген mk.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, 1961 бері жылдан орташа статистикалық адам құс етін алты есе көп тұтынуға көшкен. Дәлірегі, 1961 жылы жағдайы орташа адам жылына кем дегенде 3 келі құс етін тұтынатын 2022 жылы бұл көрсеткіш 17 келіге жеткен. Яғни, алты есе артқан. Ал сиыр етін тұтыну деңгейі өзгеріссіз қалған - жылына жағдайы орташа адам шамамен 9 келісін тұтынады. Жалпы күллі әлем бойынша етпен жаббықтау көрсеткіші 1961 жылы бір адамға 25 келіден 2022 жылы 47 келіге дейін өсті, яғни, екі есеге жуық. 60 жыл ішінде ет өндірісінің жалпы көлемі төрт есеге ұлғайған. Экологиялық салдары қандай? Ауыл шаруашылығы әлемдік экономикадағы ластау көзі бойынша екінші орында тұр. Климат дағдарысына себеп болған, атомосфераға бөлінетін парниктік газдардың шамамен 12-20% -ы мал шаруашылығына тиесілі. Болжамға сәйкес келесі он жылда ауыл шаруашылығының атмосфераға бөлетін парниктік газ мөлшері 7,6% -ға өседі,  шамамен осы парникті газдың 80% -ы мал шаруашылығынан бөлінетін болады. 

0 пікір
Мұрағат