|
Cтудент университеттің жанынан киіз үй тұрғызып, пәтерді жалға алу ақшасын үнемдеді
|
Канадалық студент Майкл Джеффри білім алып жүрген университетінің жанынан киіз үй тұрғызып, сол арқылы пәтер жалдап тұру ақшасын үнемдеп қалды. Бұл туралы Buzz Feed хабарлайды. Джеффри Томпсон Риверс университетінің (Канада) жанынан Орталық Азияның көшпелі халықтары пайдаланатын киіз үй тұрғызды. Джеффридің киіз үйі жылқылар қамалатын қораның бұрышында орналасқан. Ай сайын студент учаскені жалға алу үшін 150 доллар төлейді. Сондай-ақ, киіз үйдің жабдықталуы туралы да ұмытқан жоқ, ол ішіне пеш салды. Джеффридің генераторы да бар, бірақ телефоны мен ноутбугын жақын жерде орналасқан дәмханадан қуаттайды. Канадалық студент университетінен небәрі 10 минуттық жолда тұрып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді