|
Электрмен ұшатын көлікке қазірдің өзінде 300-ден аса тапсырыс түскен (видео)
|
Doroni компаниясы екі орынды, 195 000 доллар тұратын eVTOL H1 крейсерге тапсырысты алдын ала қабылдай бастады. Бұл жайында islam.kz порталы futureflight.aero ақпарат көзі мәлім етеді. Doroni ұшатын электрокары екі артқы итергіш тірек түріндегі көлденең электр стансасымен жабдықталған. Ұзындығы 7 метрді, ені 4 метрді құрайтын, ал биіктігі бір жарым метрге жететін құрайтын электрлі көліктің жылдамдығы сағатына - 225 шақырым. Құрылғы жылдам зарядтау технологиясымен жабдықталған: 20 минуттан аз уақыт ішінде 20%-дан 80%-ға дейін. Аталмыш компания қазірдің өзінде 300-ден астам тапсырыс қабылдап қойды. 2025 жылға қарай тапсырыс бергендер ұшатын көлікті пайдаланатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр