Ең жылдам жолаушылар ұшағы сынақтан өтті (видео)
|

2003 жылы әлемдегі ең жылдам жолаушылар ұшағы – Конкордты пайдалану аяқталды. Содан бері бірде-бір азаматтық ұшақ дыбыс жылдамдығынан асып кете алмады. Алайда, Global 8000 осы белгіге жақын жылдамдыққа жете алған ұшақ атанды. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Канадалық Bombardier компаниясының жаңа Global 8000 ұшағы жолаушыларға айтарлықтай уақыт үнемдеуге мүмкуіндік бере отырып, дыбыс жылдамдығымен дерлік ұшуға қабілетті. Оны коммерциялық тұрғыдан пайдалану кезеңі жылдың екінші жартысында басталады. Ұшақ сағатына 1152 шақырым жылдамдықпен қозғала алады,бұл көрсеткіш сағатына 1225 шақырым дыбыс тосқауылынан сәл төмен. Салыстыратын болсақ, Concorde сағатына 2100 шақырым жылдамдықпен ұшады. Сынақтар кезінде Global 8000 дыбыс тосқауылын еңсергенімен, тұрақты рейстерде дыбыстық жылдамдықпен ұшады. Айта кету керек, Global 8000 жолаушыларды жаппай тасымалдауға арналмаған, себебі, ол бар болғаны 19 жолаушыға шақталған. Бұл бизнес-авиалайнер 14800 шақырым қашықтыққа дейін ұша алады және алыс сапар үшін жайлылық пен жылдамдықты қамтамасыз ете отырып, 12500 м биіктікке көтерілуге қабілетті. Бұл ұшақ жоғары жылдамдықпен және диапазонмен қатар жолаушыларға жайлылықтың ерекше деңгейін ұсынады. Ішінде төрт тұрғын алаң, екі санторап және экипаждың жеке отыратын алаңы бар. Шебер-дестеде ұшу кезінде барынша жайлылық деңгейін қамтамасыз ететін толық төсек және қосымша себезгі (бастан-аяқ жуынатын кабина) қарастырылған. Аэродинамикалық құрылымы (конструкциясы) ауа ағынынан шайқалу секілді әуедегі кедергіні және қолайсыз ауа райын еңсеруге мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылығы – арнайы ұшу-қону жолағын қажет етпейлі. Бұл ұшаққа кез келген әуе кемесінің инфрақұрылым жарай береді.




