Еурокомиссия пластиктен жасалған бір рет пайдаланылатын ыдыстарға және әрі қарай өңдеуге келмейтін қоқысқа тыйым салмақ. Бұл туралы Funke Mediengruppe сайты жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
|
Еуропада пластик ыдысқа тыйым салынбақ
|
Атап айтқанда, бір рет қолданылатын ыдыс, ас үй құралдары, сусынға арналған трубочкалар, шарларға арналған пластик таяқшаларға тыйым салынады. Бұдан басқа, дәмханадан тағамды пластик ыдыспен алып шығуға да шектеу қою жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, пайдаланылғаннан кейін өңдеуге жарамайтын қоқысқа да тыйым салынбақ. Еурокомиссар Гюнтер Эттингердің пікірінше, мұндай шаралар пластик қалдықтардың көлемін азайтады.
Комиссия тиісті құжаттарды 28 мамыр күні Брюссельдегі Еуроодақтың отырысына ұсынады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады