Ғажайып желім: қандай да бір затты қалаған уақытыңда жабыстырып, ажыратуға болады
Ғажайып желім: қандай да бір затты қалаған уақытыңда жабыстырып, ажыратуға болады
1 жыл бұрын 1531 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары бұйрықпен «жабыстырып», бұйрықпен «ажыратуға» болатын желім ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзгеше желімді салмағы 40 келі тартатын гантелге сынап көрді. Инновациялық желімнің негізгі ингредиенті - кофе қышқылы, ол жарықтың түрлі толқын ұзындығында айқас байланыстарды түзе алады және бұза алады. Инженерлер құрамында кофеин қышқылы бар полимер жасады. Егер желімді толқын ұзындығы 365 нанометр болатын ультракүлгін сәулемен жарқыратса, зат қатайып, ауыр заттарды ұстай алады. Желімнің «жабысқақтығы» қажет болмаған кезде пленканы 254 нанометр ультркүлгін сәулесінің әсеріне ұшыратады. Мұндай жарық астында материя өзінің жұмсақ күйіне оралады. Сонымен қатар, желім бетінде ешқандай із қалдырмайды және жабысқақ қасиетін жоғалтпайды

NIMS

0 пікір
Мұрағат