|
Ғалымдар тарақандардың жер бетінде атқаратын міндетін анықтады
|
Британдық этномологтар тарақандардың біздің планетамыздағы атқарар міндетін анықтады. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, бұл жәндіктердің жер бетінде алатын өзіндік орны, атқаратын рөлі бар. Бұл жәндіктер болмаса жерде табиғи теңдік бұзылып, нағыз экологиялық апат орын алуы мүмкін.
Бұл туралы BBC хабарлады.
Тарақандар ыдырайтын органикалық заттарды өңдеуге бағытталған табиғи механизм болып табылады. Өңделген органикалық заттар өзге организмдерге арналған нәрлі заттар түзеді.
Тарақандардың бес мыңнан аса түрі бар. Биологтардың айтуынша, бұл жәндіктердің барлық түрінің небәрі 1%-ы ғана адамға кесірін тигізуі мүмкін.
Сондай-ақ, ғалымдар ядролық жарылыстан кейін де бұл жәндіктердің өмір сүруі мүмкін екендігі жайлы аңыздарды жоққа шығарды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды