Гейдар Джемаль: Лаңкестік, АҚШ және Қазақстанның ислам әлеміндегі рөлі туралы
Гейдар Джемаль: Лаңкестік, АҚШ және Қазақстанның ислам әлеміндегі рөлі туралы
7 жыл бұрын 2979 Руслан Ғаббасов

Ресейдегі Ислам комитетінің төрағасы, танымал теологтар мен философтардың бірі Гейдар Джемаль 70 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Джемаль 1947 жылы 6 қарашада Мәскеуде дүниеге келген. 1965 жылы ММУ жанындағы Шығыс тілдері институтына түскен, бірақ, оқуын аяқтамаған. 1990 жылдардан бері ол Ресейдің Ислам комитетін тұрақты басқарып келді және осы уақыт ішінде ислам дінінің имиджін көтерумен, мұсылмандар туралы таптаурын түсініктермен күресумен айналысып келді. 2012 жылы алауыздық пен өшпенділікті тудыру туралы Джемальге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оның тұлғалығына қатысты замандастарының пікірлері әртүрлі: біреулері Джемальді діни ұстаз десе, кейбіреулері исламшыл және ақылынан адасқан деп баға беруде. «ҚазАқпарат» ХАА Джемальдің лаңкестікке, «ДАИШ-ке», АҚШ-тағы сайлауға және Қазақстанның ислам әлеміндегі рөлі туралы кейбір өткір, сонымен қатар қарама-қайшы пікірлерін жұртшылық назарына ұсынып отыр. Радикалды ислам және лаңкестік жайында Радикалды исламизм деп нені атайды? Шын мәнінде, әділетсіздіктің кең шоғыры бар, сонымен қатар, әкімшілік жүйе мен әлеуметтік ұйымдар тарапынан бұрмалаушылықтар көптеп кездеседі. Бұл өз кезегінде наразылық тудырады. Өктемдікке наразылықпен жауап бергенде осы жүйедегілер жақтырмайтыны анық. Осы ретте олар бұның барлығын лаңкестіктің таңбасына айналдыруды және басқа да арнаға бұруды бастайды. Шындығында, бұл тұрғыда төмендегілер мен жоғарыдағылар текетіресінің өршуі көрінеді. Ислам бұл тұрғыда алдыңғы шепте тұр. Тағы да қайталап айтамын: терроризм сөзі - ол арнайы қызметтердің насихаттық арсеналынан. Мен жалпы күнделікті тұрмыста терроризм түсінігін алып тастар едім, себебі, оны батыстың баспасөз қызметтері енгізді. Ал бүгінде осыны жамылып, Құрама Штаттары әлемнің жартысындағы тұрғындарға, халықтарға қарсы ашық соғыс жүргізіп отыр. Бүгінде Пәкістанда 4 700 азаматты, оның ішінде балалар мен әйелдерді қырып салса, сонда  лаңкестік қайда? Қандай терроризм туралы айтып тұрмыз? Соғыс жүріп жатыр, соны түсінесіздер ме? Ислам мемлекеті туралы Бұл бұрындары байқап көрілмеген бағытта алғашқы қадам болған жаңа құбылыс. Ол саяси жиһадтың феномені, ал ертеректе жиһад теологиялық сипатты арқалап жүрген еді... Ислам әлеміндегі үдерістер біреулердің «нұсқауларынсыз» орын алуда. «Ислам мемлекетінің» мақсаты - Иракты бірыңғай мемлекет және субъекті ретінде жаңғырту, олар нақты міндеттерді алға қойып отыр. Сонымен қатар, ұйым жаһандық әлемдік жүйеге қарсы келуде. Әзірге «Ислам мемлекетінің» тағдыры белгісіз. Менің ойымша, бұл осындай бағытта бірінші тәжірибе. АҚШ-та өткен сайлау мен Трамп туралы Жеңілген Хиллари Клинтон әлемдік либерализмнің бірегей аспектісін танытып отыр. Ол ұлт үстілік бюрократиямен тығыз байланысты. (...) Дональд Трамп - ол дәстүршілдік клубының мүддесіне орай объективті ойын жүргізетін тұлға. Яғни, ол бұл қадамды осы клубтың құрамында болғандықтан емес, жеке өзінің амбицияларын іске асырғаннан ұстанады. Трамп Цезарь болғысы келеді, Құрама Штаттардың диктаторы болғанды қалайды, ол американдық истеблишменттің тарихи дихотомиясына мән беріп отырған жоқ... Саясаткердің осындай қадамын беделқұмарлық деп атайды. Цезарь беделқұмар болған еді, алайда ол Трампқа қарағанда римдік люмпениаттың бір бөлігі болған жоқ. Ислам әлемінде Қазақстанның рөлі жайында Менің ойымша, оның рөлі әлі де болашақта. Қазақстан «еуразиялық» идея режімінде өмір сүруде... Сонымен қатар Қазақстан «Ұлы Тұранның» маңызды бөлігі болып табылады, ол өз кезегінде ислам кеңістігі орталықтарының бірі болады. Үлкен Тұран күш-жігер орталығының бірі болып қалыптасады, сол кезде Қазақстанның әлеуеті қуатты түрде өркендейді. Менің ойымша, сол уақытқа дейін саяси исламның ділі мен философиясына сәйкес келетін адамдардың жаңа буыны пайда болады. Қазірдің өзінде саяси исламның нормаларымен ойлауға негізделген адамдар бар. Алайда, олар зияткерлік тұрғыда пісіп жетілген жоқ. Әлемдік тарихта қазақтардың орны туралы Бүгінде қазақтар ежелгі тарихта айқындалған маңызына сай келетін орынды алып отыр. Яғни, олар Бату хан әскерінің негізін құрағандардың ұрпақтары. Қазақтар - Козельскті, Мәскеуді басып алғандардың тікелей ұрпақтары және олардың Орданың әскери-саяси құрлымындағы рөлі айқын. Қазақ халқы әлеуетінің кеңінен ашылуы алдағы уақытта көрініс табады. Ол үлкен Тұран аясында орын алады. Онда Қазақстан Орталық Азияның жотасы іспеттес болады.  

0 пікір
Мұрағат