Гибридті соғыстың жаңа құралы пайда болды
Гибридті соғыстың жаңа құралы пайда болды
2 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Tero Vesalainen / Shutterstock / Fotodom

Дипфейктер (жасанды зердені синтетикалық контент жасау үшін пайдаланатын технология) гибридті стратегияның құраалына айналып келеді. Бұл құбылыс қоғам мүшелерінің мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының әлемдік саяси процестер кафедрасының профессоры Елена Зиновьеваға жөн сілтеген Лента.ру ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Синтетикалық контенттер тарихи шындықты бұрмалап, қоғамның пікірі мен көзқарасына айла-шарғы жасайтындығымен қауіпті. Саяси сарапшының сөзіне қарағанда, бүгінде дипфейктер гибридті соғыстың толыққанды құралына айналып үлгерген. Басты күші немесе қатері – шапшаңдығында, адамдардың эмоциясына ықпалы зор, сонысымен тиімді. Осылай деген ол ең басты қауіп жасанды зерденің өзінде, яғни, техноллогияда емес, ең басты қатер – жасанды зердемен байланысты қосымшалар мен қолданбаларда екенін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат