|
Google Chrome 32 миллион құрылғыда жұмыс істеуді тоқтатады
|
Google Chrome браузері Android 4.1 - 4.3 Jelly Bean секілді операциялық жүйелерде жұмыс істеуді тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IXBT порталына сілтеме жасап. Жүйе жұмыс істейтін ең ескі нұсқа Android 4.4 болады. Мұндай өзгерістер қашан болатынын портал нақты жазған жоқ. Алайда басылымның хабарлауынша, Android операциялық жүйе базасында ескі жүйемен қолданушылардың саны 32 миллион құрылғы. Android 4.1 Jelly Bean 2012 жылдың 10 шілдесінде шыққан, ал тұрақты мобильді қосымша ретінде 2012 жылдың 27 маусымында шыққан екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды