Химиялық қауіп: пестицидтің өсімдіктер мен жануарлардың 800-ден аса түріне зиянды екені анықталды
|

Пестицид ауыл шаруашылығында егістік алқаптарындағы зиянкестер мен арамшөптерге қарсы кеңінен қолданылатын химиялық зат. Алайда, таяудағы зерттеу нәтижесіне сәйкес пестицид тек арамшөптер мен зиянкестерге ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар, бірнеше жүздеген өсімдік пен жануарлар әлеміне зиянын тигізетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ұлыбританияның экология және гидрология орталығы (UKCEH) келтірген дерекке жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экологриялық жүйенің табиғи процесін бұзатын пестицидтің кері әсерін дәлелдеу үшін экологтар табиғатқа залалын тигізетін пестицидтің, гербицидтің және фунгицидтің 400 түрін қарастырған 1700 ғылыми еңбекті сүзіп шығуға тура келген. Нәтижесінде аталған химикаттарды қолдану салдарынан 20 мыңнан аса ауытқу орын алғаны анықталды. Ғалымдардың мәліметінше, пестицид сүтқоректілердің бойының өсу қарқынын 10%-ға азайтып, өсіп-өну қабілетін 20–30%-ға кемітеді.
Ұқсас материал:
Қытайда зиянкестермен күресу үшін экологиялық таза пестицид әзірленді




