Жаһандық жылыну ұйқы кезінде көрініс беретін дертті асқындырады
|

Австралияның Флиндерс университеті ғалымдарының таяудағы зерттеу нәтижесі осы ғасыр соңына таман ұйқыда қорылдайтындар қарасының артатынын көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қорылдаумен байланысты ең басты қиындық бұл дертті 90 % жағдайда анықтау мүмкін емес. Ұйқының бұзылғанын анықтау қиындық тудырмайды, қиындық ұйқының неден бұзылғанын анықтауда. Көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Сондай факторлардың біріне атмосфераның жылынуы мен желдеткіш тұтынатын энергияның қымбаттауын жатқызады: адамдардың көбісі энергияның қымбат болуына байланысты мұндай игілікті пайдалана алмайды. Бұл тараптағы зерттеуге төсеніштері апноэ датчиктерімен жабдықталған 29 елден 116 620 адам қатысты. Олар әр адам бойынша кемінде 500 ұйқы кезеңі туралы ақпарат жинап, содан кейін оны қатысушылардың жатын бөлмелеріндегі температураның, ылғалдылықтың және атмосфераның басқа параметрлерінің өзгеруі туралы деректермен салыстырды. Осының негізінде планетаның жылынуына байланысты адамдардың ұйқысын болжайтын моделдер жасалды. Қорылдаудың залалын түсіну үшін мынадай фактілер келтіре кеткен жөн: апноэ салдарынан 2023 жылы адамзат жалпы алғанда 800 мың жыл саламатты өмір баламасынан айырылды. Апноэ ұйқысыздыққа бастамайды, алайда, оның сапасын едәуір төмендетеді, адамдар аз демалады және оларда көптеген аурулардың дамуына алғышарттар жасалады.




