|
Жалғыздықтың қандай қасірет әкелетіні анықталды
|
Поляк ғалымдары өз ортасынан немесе адамдардан іргені аулақ салып оқшауланған адамның психикалық денсаулығының қаншалықты төмендейтінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Psychological Medicine (PsyMed) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл процесті тұйық шеңберге ұқсатуға болады. Адам қоғамнан қол үзген сайын әр нәрседен күдіктенетін тұлғаға айналады. Яғни, паранойяға бой алдырады. Паранойя – қорыққанға қос көрінедінің кері – айналасындағы адамдар өзіне қастық ойлауы мүмкін деген ойдан жатса-тұрса құтыла алмайды. Паранойя адамды одан ары оқшаулап, жалғыздық батпағына батыратын психикалық ауытқу. Адам мұндай ауытқудан стресс алады, күйзеліске шалдығады, ешкіммен тілдеспейтін томаға-тұйық жанға айналады. Бұл бағыттағы зерттеу кәсібі мен мансабы, жынысы мен жасы әр түрлі бес мыңдай адамды қамтыған екен.