Адамзатқа қатерлі шабуыл таспаға тартылды (видео)
Адамзатқа қатерлі шабуыл таспаға тартылды (видео)
5 сағат бұрын 58 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тас қараңғыда егеуқұйрық көзіне емес, антенна секілді сезімтал мұртшалары мен ауа ағынына иек артады. Бұл жайында islam.kz порталы Global Ecology and Conservation мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық биологтер әлемде кеңінен кездесетін сұр егеуқұйрықтың (Rattus norvegicus) жарғанаттарға жиі шабуылдайтынын алғаш рет байқады. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары Солтүстік Германияның екі ірі қалалық үңгірінде жүргізілді - Зегебергер Калкберг (Бад-Зегеберг) және Люнебургер Калькберг (Люнебург), бұл үңгірлерде Myotis тұқымдасына жататын мыңдаған жарғанаттар жиналады. Бұл метазерттеудің мәні мен маңызы неде? Зегебергер Калкберг - Солтүстік Германиядағы Natura 2000 еуропалық мағлұмдамасы мен ұлттық заңдар бойынша табиғатты қорғаудың маңызды объектісі ретінде ресми танылған ең ірі жарғанаттар мекені. Мұнда 30 000-нан астам жарғанат қыстайды, негізінен жемтігін суда аулайтын (Myotis daubentonii) және Наттерер түнегіші (Myotis nattereri) жарғанаттар. Үңгірге жыл сайын 400 000 адам келеді, өздерімен алып келген азық-түлік қалдықтарын тастап кететінн ашық аспан астындағы театрдың жанында орналасқан. Люнебургер Калкберг қалалық паркте орналасқан. Жартастағы қалтарыстар бірнеше мың жарғанаттың жасырынатын орнына айналған. Зегебердте кеміргіштерге көрінбейтін 940 нм инфрақызыл жарық беретін 8 мегапикселді сенсорлы камералар орнатылды. Бес апта ішінде 30 шабуыл мен жемтік аулаудың 13 сәтті әрекеті тіркелді. Егеуқұйрықтар екі стратегияны қолданады. Әуеден ұстап алу стратегиясына келсек, кеміргіш артқы аяқтарымен тұрады, құйрығын тепе-теңдігін сақтау үшін пайдаланады және секіру арқылы алдыңғы аяқтарымен жарғанатты ұстайды. Жерге қонғандарына шабуыл жасайды. Егеуқұйрықтар ерекше айла-шарғы жасай алатын жанурлардың бірінен саналады. Кіреберісте 52 жарганаттың сүйегі бар жасырын жер табылды: ауланған жарғанаттардың барлығы желінбеген, бір бөлігі сақталған. Бір жарғанаттың энергетикалық құндылығы - 45 ккал. Егеуқұйрыққа тәулігіне 70 ккал керек. Бір егеуқұйрықтың 90 күн ұйықтауы үшін басқа қорек көзі болмаған жағдайда 140 жарғанат жетеді. 15-60 егеуқұйрық бір қыста 2100-8400 жарғанатты жоя алады. Бұл көрсеткіш Зегеберг популяциясының 7-28% -на тең. Осы орайда егеуқұйрық та, жарғанат та инфекция ошағы іспетті: түрлі вирустардың ұясы. Тікелей шабуыл түрлер арасындағы патогендердің жұғуына жол ашады. Мұндай шабуыл - адамзатқа да қатерлі.

 

0 пікір
Мұрағат