|
Жабайы ара тараканды қалай мәңгүртке айналдырады (видео)
|
Жабайы араның уы тарақанды тірі өлікке айналдырады. Алдымен тарақанды шағып, уын оның бойына дарытады. Әлбетте, тарақан одан өліп кетпейді, алайда, қимыл-қозғалысының инициасына қатысты рецептор сал болып қалады. Тарақан қозғалып, қимылдай алғанымен өздігінен шешім қабылдау қабілетінен айырылады. Яғни, қайда барып, не істеу керектігін білмейді. Осы күйін пайдаланған жабайы ара оны ұясына апарып, оның денесіне жұмыртқалайды. У жемтігінің метаболизмін баяулатады. Нәтижесінде тарақан кем дегенде бір апта тірі болады. Бұл уақытта жабайы ара личинкасы тірі организмнен қоректеніп, бірер күннен соң қабығын жарып шығады. Бұл жайында popmech.ru ақпарат көзі хабарлады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу