ХХІ ғасыр соңына дейін Амазонкадан Африкаға дейінгі аймақтардағы үлкен ормандарды мекен ететін жануарлардың 60 пайызы, өсімдіктердің 50 пайызы қырылып қалуы мүмкін. Оған басты себеп – Жер планетасындағы жаһандық жылыну процесі, температура 1,5 С-ға өсуі мүмкін. Бұл туралы WWF баяндамасында айтылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
|
Жаһандық жылынудан жануарларға жаппай қырылу қаупі төніп тұр
|
БҰҰ ауа райының өзгеруін ескеріп, тиісті шараларды қолға алмайынша, флора және фаунаға қауіп төне бермек. Амазон аймағында амфибиялар, рептилиялар мен құстар да сұмдық жағдайда жойылуы мүмкін. Шығыс Англия университеті, Джеймс Кук университеті және Ресей ғалымдары осылай деп болжайды.

Қазіргі кезде Парана-де-Манакуири өзенінің бойынан, яғни, Амазонка аймағынан өлі балықтар табылуда, өйткені, өзеннің көп бөлігі кеуіп кеткен. 2 градус цельсийге жылынған климат туралы 2015 жылы Париж кездесуінде айтылған болатын. Егер бұл процесс тоқтаусыз өсе берсе, 80 мың өсімдік және жануар типіне, 35 әртүрлі аймаққа қауіп төніп тұр.
Амазоннан өзге Аустралияның оңтүстік-батысы мен Африканың Миомбо орманы да қара тізімде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)