|
Жануарлар әлемі: Бір мезетте 323 бұғыға жай түсті (ВИДЕО)
|
Норвегияның оңтүстігіндегі Хардангервидда ұлттық саябағында 323 бұғының өлексесі табылды. Жануарларға жай түскен.
Қорықшы жануарлардың жаппай қырылып қалғанын 26 тамыз күні байқаған, алайда, билік оқиға орнына екі күннен соң ғана келіпті.
«Біздің адамдар 323 бұғының өлексесін тапты, оның бесеуін жарақатына байланысты өлтіруге мәжбүр болдық», - дейді Норвегияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің өкілі Элин Фоссханг Олсё.
«Өлекселер бір-біріне жақын жатыр. Соған қарағанда бұғылар бір мезетте өлген. Осыншама жануардың жай түсіп қырылып қалуы алғаш рет кездесіп отырған жағдай», - деп толықтырды Олсё.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты