|
Жануарлар әлемі: Мариан ойпатынан түрі ерекше медуза табылды (ВИДЕО)
|
АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеу басқармасының «Okeanos Explorer» экспедициясының қатысушылары медузаның бұрын белгісіз болып келген түрін тапты.
Сыртқы бейнесі ерекше су асты мекендеушісін Мариан ойпатындағы "Энигма" аталатын су асты тауын зерттеу кезінде терең су асты аппаратының камерасы түсіріп алған. Суретші салған бейнеге көбірек келіңкірейтін шар тәріздес медуза 3 700 метр тереңдіктен табылды.
«The Washington Post» газетінің жазуына қарағанда, бұл жыртқыш медуза. Оған роликтің басында байқалатын су асты жәндігінің ұзын қармалауышы мен тапжылмай тұрған дәлел болады.
Ғалымдар оны бастапқыда "Crossota" тұқымдасына жатқызды, оған барлық өмір сүру циклында қалқып жүретін медузалардың бес түрі енгізілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады