|
Жемтігін аулау үшін электрды пайдаланатын құрттың әрекеті таспаға тартылды (видео)
|
Біз сөз етпекші жәндік жемтігін аулау үшін тісі мен тырнағын емес, физикалық құбылысты пайдаланады. Тіпті, өз өміріне қауіп төнсе де. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық биологтер анықтағандай, титтей паразиттік құрт - Steinernema carpocapsae жемтігіне жабысу үшін статикалық электрді қару ретінде немесе тұзақ пайдаланады. Осылайша өзінің дене көлемімен есептегенде 25 дене ұзындығындай қашықтықта секіре алады. Алдымен серпін алу үшін бүктетіліп, пружине секілді айналады. Аталған ерекше жәндік топырақта тіршілік етеді және жәндіктермен қоректенеді. Ұшу (секіру) уақыты бір аекундқа да жетпейді. Егер сәті түсіп жәндікке жабыса алса, өз денесінен бактерия бөледі, ал ол өз кезегінде жемтікке айналуы тиіс жәндікті бірер күнде өлтіреді, осылайша аталған құрт көбеюіне қажетті қорекке қол жеткізеді. Егер бір секіргенде жемтігіне жабыса алмаса, ол өледі. Эмори жоғарғы оқу орны мен Берклидегі Калифорния университетінің (Америка құрама штаттары) зерттеушілері құртқа элктростатика көмектесетінін анықтады. Олар жеміс ұшасын жоғары кернеу көзіне қосылған сымға байлап, құрттың жемтігіне секірген сәтті жылдамдығы жоғары микроскопия арқылы таспаға тартып алды. Электр өрісі ұшаның денесін оң заряд, ал құрт - теріс заряд жинауға мәжбүрлейді. Олардың арасында магнит тәрізді жемтігіне «жетелейтін» тартылыс күші пайда болады. Электрсіз секірудің 19-ы ғана табыспен аяқталды. Ал 880 В шамасындағы кернеу кезінде құрттың жемтігіне жабысу немесе бекітілу ықтималдығы 80% -ға дейін артады. Бұл - жәндіктердің қанаттары ауаға үйкеліп, иондалатын табиғаттағы пайда болатын мәндер. Ғалымдар құрттың жемтігін аулау процесіне желдің де әсерін зерттеп көрген екен. Аэродинамикалық түтікте көрсетілгендей, ауа ағыны құртқа ықпал етеді, яғни, қозғалысын жылдамдатып, жемтігін аулауды оңайлатады. "Физиканы пайдалана отырып, біз осы организмдердің бейімделу стратегиясы туралы жаңа және қызықты мәліметтерге қанық болдық", - деп атап өтті Ранцзяншан Ран физигі. Осылайша, ғалымдар алғаш рет шағын әлемде жемтік аулаудың жетістігі тек жылдамдыққа немесе уға ғана емес, сонымен қатар, жәндіктер өздері құратын табиғи электростатикалық тұзақты қаншалықты сәтті пайдалана білуге де байланысты екенін көрсетті.