|
Жер бетіндегі сүтқоректілер салмағының 95%-дан астамы адамзат пен үй жануарларына тиесілі
|
Экологтар адамзат пен үй жануарларының биомассасы, яғни, салмағының 1,1 млрд тоннаға жете-қабыл екенін анықтады. Бұл көрсеткіш күлі жер бетіндегі барлық сүтқоректілер салмағына шаққанда 95%-дан асады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзат соңғы екі ғасырда планетаның экологиялық жүйесінің құрылымында жаһандық өзгеріс тудырған. 1850-ші жылы адамзат пен жабайы жануарлар биомассасының шамалас екені тіркелген – шамамен 200 млн тонна. Осыдан кейін адамзатқа қатысты көрсеткіш өсу үстінде болған – бүгінгі таңда 1,1 млрд тоннаға жеткен. Ал жабайы жануарлардың биомассасы екі еседен көп төмендеп кеткен. Адамзаттың барлық сүтқоректінің жалпы жағдайына тигізер әсерін зерделейтін Вейцман институтының Рона Майло есімді профессоры жетекшілік еткен израилдік және америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр.