Жылы жаққа көшетін немесе қоныс аударатын жануарлар жартысына жуығының қарасы кеміп барады
Жылы жаққа көшетін немесе қоныс аударатын жануарлар жартысына жуығының қарасы кеміп барады
3 ай бұрын 943 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік табиғатты қорғау мониторингі орталығының зоологтары қоныс аударатын жануарлардан 1189 түрінің жағдайын зерттеді. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың 44 пайызының популяциясы азайып, 22 пайызына жойылу қаупі төніп тұрғаны белгілі болды. Соның ішінде ең қиын жағдай балықтардан анықталған, оның 97%-ның жойылу қатері тым жоғары болып шықты. Алайда, Бонн конвенциясында қамтылған 14 түрінің ғана популяцияның қалпына келгені байқалды. Білікті мамандар қоныс аударатын жануарлардың жойылу қатерінің негізгі себептеріне балықтың жаппай аулануын, аңшылықты және олардың көш жолдарындағы аялдайтын мекендердің климат дағдарысы мен адам кесірінен өзгергенін жатқызып отыр. Экологиялық жүйедегі тепе-теңдіктің сақталуына, соның ішінде биологиялық әр алуандылықтың сақталуына орасан ықпалы бар жануарларға адамзат тарапынан төнген қауіп тым жоғары. Мәселен, төмендегі суреттегі қызыл етікті деп аталатын құстардың 80-90%-ы Қытайдағы аңшылықтан жойылып кеткен. Бұл қстар Қытай аумағында қыстап шығады.

0 пікір
Мұрағат