Көлемі күріштің дәніндей құрбақа табылды
Көлемі күріштің дәніндей құрбақа табылды
1 ай бұрын 1074 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бразилиядағы Кампинас мемлекеттік университетінің ғалымдары құрбақаның титтей түрін сипаттады. Ғалымдардың пікірінше, ол әлемдегі омыртқалылардың ішіндегі көлемі жағынан екіншісі. Brachycephalus dacnis деп аталатын құрбақаның ұзындығы бар болғаны - 6,95 мм. Бұл жайында islam.kz порталы PeerJ Life & Environment мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын ең кішкентай омыртқалы жануар ретінде осы түрге жататын, дене тұрқының ұзындығы небәрі 6,45 мм-ден аспайтын, ааталған елдің оңтүстік Байа штаты аумағынан табылған B. Pulex құрбақасы танылған еді. Бұл құрбақа төтенше шағын тұрпатымен назар аударады – қауіп төнгенде олар көзге шалынбайды, кішірейеді немесе эволюция процесінде анатомиялық құрылымын біріктіре алады. IB-UNICAMP биология институтының профессоры Луис Фелипе Толедоның айтуынша, биологтер эволюция барысында өзгеріске ұшыраған мұндай тіршілік иелерін арнайы санатқа жатқызады: миниатюрленген (сүйегінің кішіреюі немесе бірігуі, жоғалуы), бармақтарының кемдігінен және анатомиялық бөліктерінің болмауынан кішірейген. Мұндай құрбақалар бақашабақ (головастик) сатыны айналып өтіп дамиды да жұмыртқадан шағын ересек түрінде жарып шығады. Олардың көлемінен басқа өзгеше өлшемдеріне қарамастан ірілеу келетін түрлердің барлық сипаттамаларына ие. Зерттеушілер бұл ұсақ құрбақалардың сан алуандығы (түрлері) қазіргі кезде белгілі болғаннан әлдеқайда көп болуы мүмкін, деп есептейді. Олардың барлық анатомиялық, вокалдық және молекулалық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттау жаңа түрлерді анықтау процесін жылдамдатып, оларды сақтауға көмектеседі.

 

0 пікір
Мұрағат