Мысықтың қалай лақтырсаң да жерге төрт тағандап түсуінің сыры ашылды
Мысықтың қалай лақтырсаң да жерге төрт тағандап түсуінің сыры ашылды
2 сағат бұрын 52 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Иамагута университетінің ғалымдары мысықтың қандай биіктіктен және қалай лақтырсаң да құламай, жерге төрт тағандап түсуінің құпиясын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы ғылыми, мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үй жануарының бұл ерекше қабілеті оның омыртқасының құрылымына байланысты болып шықты. Мысық кеуде бөлігінің бірегей икемділігіне ие. Күншығыс елінің ғалымдары мұны екі мәрте жүргізілген тәжірибе барысында көз хеткізді. Бірінші зерттеуде олар  өлген бес мысықтың омыртқасыныңң құрылымына үңілді. Әр омыртқа сүйегінің қаншалықты бұратыла алатынын анықтады. Олар омыртқаның кеуде бөлігіне (арқаның ортасынан) және бел бөлігіне (арқаның төменгі бөлігінен) шоғырланған. Омыртқаның кеуде бөлігінің қозғалыс диапазоны бел омыртқасына қарағанда үш есе көп болып шықты. Екінші тәжірибе кезінде команда бір метр биіктіктен секіретін екі ересек мысықты  жылдамдығы жоғары бейнекамерамен таспаға тартып алды. Екі жағдайда да омыртқаның иілгіш бөлігі құлап бара жатқан мысықтардың жерге қауіпсіз қонуын қамтамасыз ету үшін дененің алдыңғы және артқы бөліктерін бірден емес, бірте-бірте бұрауына мүмкіндік береді. Ғалымдар мысықтың осынау айрықша қабілетке қалай ие екендігін анықтау үшін бір ғасыр бойы зерттеу жүргізіп келеді. Жапон ғалымдарының таяудағы зерттеуіне дейін бұл феноменге қатысты үш гипотеза (пайым, жорамал) болатын: біріншісі - «пропеллер құйрығы»: мысық құйрығын бір жаққа қарай серпіп, денесін екінші жаққа айналдырып, тепе-теңдігін сақтайды. Екіншісі - құлау кезінде мысық денесін тік бұрышпен бүгіп, алдыңғы жартысын бір жаққа, ал артқы жартысын екінші жаққа бұрады. Үшінші гипотеза: әуеде жануар алдымен денесінің алдыңғы бөлігін, содан кейін артқы бөлігін бұрады, алдын ала артқы аяқтарын бүгеді, ал алдыңғыларын созады.

0 пікір
Мұрағат