|
Орта Азияны мекен ететін құс жаһандық жылынуға байланысты Саха жеріне ауды
|
Орта Азия аумағында, соның ішінде Моңғолияның шығысын мекен ететін, Тарбақ шырғалақ деп аталатын құс бар. Аталған құс жаһандық жылыну салдарынан тұрақты сипат алған Орта Азиядағы құрғақшылықтан Саха жеріне ауып кетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ресейлік ғалым, биология ғылымының кандидаты Евгений Шемякинге жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тарбақ шырғалақ соңғы жылдары Саха жеріне ұя салып, жұмыртқа басып жүр. 2018 жылдан бері. Ғалымның сөзіне қарағанда, бұл құс әдетте Орта Азияның даласы мен орман-тоғайында, Қиыр шығыста тіршілік етеді. Бүгінде Саха климаты аталған құстың өсіп-өнуіне қолайлы болып тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде электронды шылым шеккендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын тыйым салынды
■
Жаратылыстың кездейсоқ жаратылмағандығы туралы гипотеза математикалық дәлелін тапты
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды