|
Қазақ даласынан өте сирек кездесетін жыртқыш құс таспаға тартылып қалды (видео)
|
Ақан Телманов есімді Ақтау қаласының тұрғыны табиғатта, соның ішінде қазақ даласында өте сирек кездесетін аса ірі әрі жыртқыш құсты - қара тазқараны таспаға тартып алыпты. Ақанның айтуынша, тазқаралар Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданындағы Жангүрші деген жерде көзге түскен. Бұл жайында "Лада" ақпарат көзі хабар таратты. Тазқаралар сәуір айының 8-і күні кешқұрым таспаға тартылып алынған. Аталмыш құстың ірілігі соншалықты, бүркіттің дене тұрқынан үш есе үлкен келеді. Бүгінде жоғалуға айналған аталмыш жыртқыш құс Тянь-Шань мен оның сілемдерінде (Шу-Іле тауында, Қаратауда), Жоңғар Алатауында кездеседі. Еліміздің басытысында орын тепкен Үстірттен, Шу жазығынан және Сауыр жоталарынан 1998 жылы ұясы табылғанын айта кету керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)