Құмырсқалардың азаматтық соғысы басталды
Құмырсқалардың азаматтық соғысы басталды
2 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Abudzaky / Shutterstock / Fotodom

Құмырсқалар бір-бірін өз денелерінен бөлінетін химиялық сигнал арқылы таниды. Ауаның ластануы бұл жүйені бұза бастаған. Яғни, құмырсқалардың бір-бірін химиялық сигнал арқылы тану жүйесін. Ал бұл жайт өз кезегінде бір илеудегі құмырсқалардың өзара қақтығысына жол ашып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Vice мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Берлин қаласындағы Макс Планк институтының ғалымдары озонның органикалық қосылыстарды тез бұзатынын анықтады (құмырсқалар осы органикалық қосылыстар көмегімен бөтен құмырсқаны ажыратады). Бұл тарапта неміс зерттеушілері жүргізген тәжірибе барысында құмырсқа озонның алты түрінің кері әсеріне ұшыраған. Әсіресе, жаз  мезгілінде және ауасы лас қалалық жерлерде. Озон әсерінен жәндіктердіғң бойындағы химиялық белгілер 20 минуттан кейін  жойылды. Жұмыскер құмырсқалар озонның әсерінен кейін илеуге оралған кезде өзге құмырсқалар оларды тани алмаған. Нәтижесінде илеуге өте алмаған жұмыскер құмырсқалардың шұғыл агрессиясын тудырған. Кейбір тәжірибелерде озонның қалалық деңгейіне байланысты әсерінен құмырсқалардың ұрпағына қарау, қамқор болу қабілеті жоғалған. Осы орайда өткен жылы құмырсқаның шаққанынан адамның өлгені турасында хабар тарағанын айта кетпекпіз. The Thaiger дерек көзінің жазуынша, Тайландтың Самутпракан провинциясындағы Пиром Жаякан плантациясында талай жылдан бері жұмыс істейтін Екафан Тианпхантхонг есімді 39 жастағы азаматты электр желісінің жұмысына кедергі келтірмеуі үшін өсіп кеткен ағаш бұтағын кесіп жүргенінде құмырсқа шаққан. 2025 жылдың қараша айында орын алған қазаның себебі құмырсқа қышқылына (уына) аллегриясы болғандықтан өмірмен қош айтысқан.

0 пікір
Мұрағат