|
Суда шалқасымен жүзетін қоңыз табылды (видео)
|
Джон Гулд есімді биолог Австралияның Ватаган тауынан біртүрлі қоңыз тауып алды. Беймәлім жәндік судың бетінде шалқасынан жатып жүзетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Ethology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Джон Гулд бұл көріністі таспаға тартып алып, Хосе Валдес есімді неміс әріптесіне көрсетеді. Джон Гулдьың пайымдауынща, қоңыз ауа көпіршігінің көмегімен шалқасынан суда жылжи алады. Дәлірегі, қоңыз су мен ауа арасына қысым түсіре отырып жүзеді. Қоңыздың бұл әрекеті су түбіндегі жыртқыштардан өзін қорғауға мүмкіндік береді деп топшылайды. Ғалымдар бұл жәндіктің тегіне қатысты түрлі пікір білдіруде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)