|
Тұңғиыққа тұла бойымен тік тұрған киттің құпиясы (видео)
|
Табиғат-анамыздың бізден жасырған құпиялары сан алуан. Жуырда Гавай аралдарының маңында ғалымдар ерекше құбылысқа тап келіпті. Сөйтсе, жалпы ғылымда «бүкір» деп аталатын киттің түрі мұхит айдынына тұла бойымен тік тұрып алған. Сол сәттен бері алып теңіз жануарының неліктен төбеден төмен қарай төңкеріліп тұратындығы ғалымдар үшін шешілмейтін жұмбақ құбылысқа айналды. Солай десек те, оқымыстылар кит мұны салқындау немесе бір мезгіл демалу үшін жасауы немесе осы арқылы өз-өздерін емдеуі мүмкін деген болжам айтты, деп жазады gazeta.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді