|
Тұрқы бөлек теңіз жыртқышы таспаға тартылып қалды (видео)
|
Португалияның атмосфера және теңіз институтының мамандары Алгарве ауданында жағалаудан сирек кездесетін жыртқыш теңіз жануарын аулады. Бұл жайында The Portugal News ақпарат көзі хабар таратты. Ең ежелгі адамдар жадысына айналған тарихи кезеңнен бұрын тіршілік еткен теңіз жыртқышының 1,5 метрлік еркегін кездестірген. Оны жағалаудан осы жылдың тамыз айында 700 метр тереңдіктен аулаған. Оның шамамен 300-дей тісі болған. Айта кетейік, акуланың бұл көне түрі Атлант және Тынық мұхиттарының тропикалық суларында, 600-1000 метр тереңдікте тіршілік етеді. Акуланың бұл түрі осыдан 80 млн жыл бұрын пайда болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады