Жапон инженерлері роботты қолы бар рюкзак жасап шығарды (видео)
Жапон инженерлері роботты қолы бар рюкзак жасап шығарды (видео)
1 жыл бұрын 713 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапония инженерлері арқаға киілетін негізгі блоктан және оған бекітілген қосымша роботты қолдардан (алты қолға дейін болуы мүмкін) тұратын JIZAI ARMS жүйесін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы nplus1 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізгі блоктың салимағы 4 келіден сәл ғана асады. Ал терминалдарға қосылған төрт қолмен бірге жүйенің жалпы салмағы 14 келіге жетеді. Роботты қолдардың ұзындығы олар алға тартылған кезде пайдаланушының қолының ұзындығына шамамен тең болатындай етіп таңдалды. Аяқтары алмалы-салмалы, қажет болған жағдайда оларды басқа түрдегі тұтқалармен ауыстыруға болады. Аталмыш жүйені дербес компьютердегі қосымша арқылы, сондай-ақ, арнайы контроллерді пайдалану арқылы басқаруға болады. Құрастырушылар бірден бірнеше қолды басқару үшін бірнеше операторды пайдалану керек екенін атап өтті

0 пікір
Мұрағат