Жасыл желектің жанында тұратын балалар өкпесінің өзгелерге қарағанда әлдеқайда сау келетіні анықталды
Жасыл желектің жанында тұратын балалар өкпесінің өзгелерге қарағанда әлдеқайда сау келетіні анықталды
1 ай бұрын 914 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяудағы зерттеу нәтижесіне сәйкес жасыл желекке малынған аумақта тұратын балалардың тыныс алу қызметі, соның ішінде өкпе қызметі тал-ағашы мен көк өскіні жоқ немесе жұтаң аймақта тұратын балаларға қарағанда көп ілгері болып шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы Барселонадағы жаһандық денсаулық сақтау институтының (ISGlobal) мәліметіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ISGlobal сарапшылары бұл тарапта Еуропаның сегіз елінде (Дания, Франция, Италия, Литва, Норвегия, Нидерланды, Испания және Ұлыбритания) 35 мың баланың деректерін талдаудан өткізген екен. Зерттеуге жетекшілік еткен Мартин Урайхайд есімді ғалым зерттеуді қорытындылай келе қалалық жерлерде ағаштар отырғызудың қажеттілігіне тоқталған. Ал қалалық жерлерді жасыл желекке бөлеу үшін қала сәулетін сәттті жобалаудың маңызы зор. Жасыл желек балалардың тыныс алу, өкпе қызметін қалай жақсартады? Аталмыш зерттеуге атсалысқан Аманда Фернандестің сөзіне қарағанда, жасыл желек тек ауасы қатты ластанатын қалалық жердегі көмірқышқыл газының деңгейін төмендетуге көмектесіп қоймай, сонымен қатар, балалардың микробиотына оң әсер етіп, иммундық жүйесінің дамуына ықпал етіп, жанама түрде өкпе қызметін жақсартады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3