Желден құрылғыларды қуаттайтын құрал құрастырылды (видео)
Желден құрылғыларды қуаттайтын құрал құрастырылды (видео)
3 сағат бұрын 52 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Shine 2.0 деп аталатын жаңа портативті жел турбинасы шағын құрылғыларды самал желмен-ақ қуаттай аалады. Бұл жайында islam.kz порталы ECONews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәдлім етеді. Канадалық Aurea Technologies стартап Shine 2.0 - 50 ватт қуаты бар шағын турбина. Бірегей құрылғы қоржынға да сыйып кетеді, қалта телефоны, ноутбук, дрон секілді гаджеттерді ғана емес, сонымен қатар, тіпті, шағын электр стансаны да зарядтай алады.  Салмағы бір жарым келіге жуық Shine 2.0 құрылғысын басқа портативті жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда өзінің өлшемінен де жоғары қуатты қамтамасыз ететін құрылғы ретінде артықшылыққа ие. Құрылғыға қосып берілетін бекітпесін жерге орнатқаннан кейін турбина желдің жылдамдығына қарай сағатына 12-ден 32 шақырымға дейін айналады. Ішінде қосылған құрылғыларды да, сыйымдылығы 12 мың миллиампер-сағат ішкі батареяны да қоректендіретін шағын генератор бар, оны үйде алдын ала зарядтауға немесе далада да зарядтауға болады. Кіріктірілген заряд контроллері желдің екпіні немесе тыныштық кезінде қалақтардың тиімді айналуын жалғастыру үшін параметрлерді үнемі түзететін ең жоғары қуат нүктесін қадағалау технологиясын қолданады. Аталған компания өкілдері шағын турбинаның күшті жел тұрғанда елу ватқа дейін энергия өндіре алатынын, содан кейін бұл энергияны қуаты 75 ватт болатын тез зарядталатын USB-C порты арқылы беретінін мәлімдеді. Бұл порт, сондай-ақ, кері бағытта жұмыс істейді, пайдаланушыларға саяхатқа шығу алдында ішкі батареяны розеткадан тез зарядтауға мүмкіндік береді. Ол  Bluetooth мобилді қосымшасы арқылы қосылады және телефон экранында нақты уақыт режимінде желдің жылдамдығын, өндірілген электр энергиясының деңгейін және батареяның жай-күйін көрсетеді.

 

0 пікір
Мұрағат