|
Жоғалған заттарды іздейтін робот құрастырылды (видео)
|
Мюнхен техникалық университетінің ғалымдары ғимарат ішінен жоғалған заттарды іздеуге арналған робот құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы IEEE Robotics and Automation Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Робот жоғалған затты немесе бұйымды іздеп табу үшін интернеттен алған білімін немесе ақпаратын қоршаған ортаның кеңістіктігін қамтитын картасымен үйлестіре отырып қолданады. Профессор Ангела Шеллигтің Learning Systems and Robotics Lab зертханасының бұл өнімі, әсіресе, затын қайда қойғанын ұмытып қала беретін жаңғалақ адамдарға пайдалы. Айталық, асханада ұмыт қалған көзілдірікті табу үшін роботқа айналасына зер сала қарап, бөлменің үш өлшемді картасын жасаыу қажет. Камера бастапқыда екі өлшемді бейнелерді береді, десе де әрбір пикселде кеңістіктің кеңдігі мен тереңдігі туралы ақпарат бар. Осылайша қоршаған ортаның кеңістік картасы сантиметрге дейінгі дәлдікпен жасалады, ол үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, кіріктірілген компьютер суреттегі нысандарды таниды және олардың адам үшін мәнін бағалайды, яғни, адам әдетте жоғалтқан затын қайда қолданғаны қаперге алынады. Мәселен, робот жоғалған көзілдірікті үстелден немесе жастық маңынан іздеуі мүмкін. Яғни, робот жоғалған затты алдымен заттың жиі қолданылатын аймағынан іздейді. Жергілікті ортаның үш өлшемді картасында іздестіріліп отырған объектінің белгілі бір аймағында болу ықтималдығын үнемі қайта санайтын екі таңбалы сандар пайда болады. Сынақ барысы көрсеткендей, робот бөлмеде кездейсоқ әрекет еткенге қарағанда ықтимал жерлерді шамамен 30%-ға артық тиімді зерттейді. Жасанды зерде екі тәсілмен пайдаланылады: бейнелерді тануда және тілдік модел жұмысында. Роботтың тағы бір ерекшелігі: ол бұрынғы суреттерді есте сақтайды және оларды қоршаған ортаның жаңа суреттерімен салыстыра алады. Егер ас үйде кенеттен жаңа нәрсе пайда болса, ол бұл өзгерісті жоғары дәлдікпен (95%) таниды және ол жоғалған жағдайды іздеу үшін «ең ықтимал аймақ» деп белгілейді.