Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
2 сағат бұрын 51 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Шенжен қаласындағы Оңтүстік ғылым және технология университетінің (Southern University of Science and Technology) ғалымдары адамға жалғанғанда ежелгі грек аңыздарында айтылатын жартылай адам, жартылай жылқы - кентаврді еске түсіретін ерекше робот құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай платформа адам жолсыз жермен жүргенде аяғына түсетін күш пен салмақты азайтуға көмектеседі. Икемді платформа адамның адымы мен бағытына бейімделе алады. Адамның аяғына тікелей жалғанатын немесе бекітілетін әдеттегі экзосүлделерге қарағанда “кентавр”жүйесі адам аяғының қимылы мен қозғалысын бағып, адаммен бірдей қадам жасайды. Тіпті, ой-шұңқыры бар жерде адамға түскен салмақты сездірмейді. Бірегей платформа жүкті тігінен алып жүріп қана қоймай, сонымен қатар, адамның ойлы-қырлы жерде тепе-теңдігін сақтай алмай сәл ауса да иесіне күш түсірмейді. Қожайынына түскен салмақты “бөліседі”. Айрықша платформаға салмағы шамамен 20 келілік жүкті артып, сынау барысында бұл жүйе таңғажайып нәтиже көрсеткен: адамның метаболикалық энергиясын үнемдеу түріндегі жүріс энергиясының шығыны 35% -ға төмендеді, ал табанына түскен қысым сол салмақтағы рюкзақты тасымалдау кезіндегі қысыммен салыстырғанда 52% -ға төмендеді. Робот адамға түскен күштің 52% -дан астамын өзіне алды, сонымен қатар, адамның  адымдау кезіндегі табиғи қимыл-қозғалысын сақтай отырып, жүріп бара жатқан иесінің тепе-теңдігін сақтауға (екі жаққа да ауытқуды азайту) көмектескен. Адам бағытын анықтайтын, ал робот сол бағытқа бастайтын адамның механикалық жәрдешісіне айналды. Мұндай платформа майдан даласында сарбаздарға қару-жарағын, өзге де керек-жарағын алып жүруіне, төтенше жағдайларда құтқару операцияларында жүкті тасымалдауға, өнеркәсіпте, т.б. күш түсетін салаларда көмектеседі.

 

 

0 пікір
Мұрағат