Кесар тілігі адамның даму эволюциясына ықпал етуде
Кесар тілігі адамның даму эволюциясына ықпал етуде
7 жыл бұрын 4643 telegraf.com.ua Айдар ЖАНАЙ

Таяу арадағы онжылдықта нәзік жандылар қауымы тек операция көмегімен босанатын болады.

Кесар тілігі адамның эволюциясына ықпал етуде. Атап айтқанда, өзгерістер әйелдердің дене пішінінен, сондай-ақ, нәрестенің туылу кезіндегі өлшемдерінен байқалады, деп мәлімдейді Вена университетінің ғалымдары.

Мамандар осыдан бір ғасыр бұрын әйелдердің бала босану үстінде қайтыс болған оқиғалары жиі кездескенін еске салып өтті. Ал, қазіргі таңда кесар тілігінің арқасында аталған проблема толығымен өз шешімін тапты деуге болады.

Соған қарамастан, осындай хирургиялық тәсілге арқа сүйеудің арқасында әйелдер арасында тар бөкселік артуда. Сонымен қатар, эволюция соңғы кезде басы үлкен, тіпті ірі денелі балалардың жиі туыла бастағанын көрсетті. Мамандар адамзаттың ұрпақтар жалғастығында аз ғана уақыт ішінде кесар тілігінің салдарынан осыншама өзгерістердің орын алуына таң қалуда. Ғалымдардың пікірінше, жақын арадағы кезеңде әйелдер тек операцияның көмегі арқылы босанатын болады. Қазірдің өзінде әрбір үшінші американдық және әрбір төртінгі британдық әйел кесар тілігі арқылы босануды қалайды. Бұл эволюцияның қатты өзгеруіне, атап айтқанда әйелдердің бөксесі одан әрі тарылып, нәрестелер қазіргіден де ірі болып туылатын жағдайға алып келуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат