|
КӨЛЕҢКЕ ЖОҒАЛҒАН КҮН
|
Кеше қасиетті Мекке шаһарында таңғажайып астрономиялық құбылыс болды. Күн Қағбаның дәл төбесіне келген сәтте бірнеше уақыт көлеңке жоғалады. Аталмыш сәт намаз оқу үшін құбыланы дәл анықтауға көмектеседі. Корольдіктің астрономия және ғарыш ғылымы университетінің профессоры Әбдел Әзиз Мулхим бин Мұхаммед Хиндидің айтуынша, күн Қағбаның дәл төбесіне жылына екі рет түседі; биыл бұл құбылыс 27 мамыр мен 15 шілдеге сәйкес келеді. Кешегі уақиға әл-Харам мешітіндегі жұма намазы уақытында орын алды. «Бұл ғарыш құбылысы күнге қарап адамдардың Қағба бағытын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Күнге қараған адамдар Құбыла бағытын дұрыс тапқандықтарына жүз пайыз сенулеріне болады» дейді Хинди.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады