|
Көлік жүргізушісіне көмектесетін білезік (видео)
|
Латвиялық Creative Mode компаниясы шаршаған көлік жүргізушісінің көлік айдап келе жатқанда ұйықтап кетпеуіне көмектесетін білезік жасап шығарды. Бұл жайында Hi-news.ru ақпарат көзі хабар таратты. STEER деп аталатын бұл құрылғы биыл қараша айында саудаға шығарылады. Аталған құрылғы он алты датчикпен жабдықталған. Нақты уақыт аралығында көлік жүргізушісінің жүрек қағысын қадағалайды, егер шаршағаны жеңіп, көзі жұмыла бастаса, көлік жүргізушісінің терісін электр тогымен тітіркендіріп отырады. Электр тогының разряды оны оятып қана қоймай, біршама сергітеді де. Яғни, ток соққан соң көлік жүргізушісінің ағзасындағы серотонин, норадреналин және кортизолдың деңгейі көтеріліп, керісінше ұйқы гормоны, мелатонин кемитін болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр