Көмірқышқыл газын тасқа айналдыратын жеміс ағашы табылды
Көмірқышқыл газын тасқа айналдыратын жеміс ағашы табылды
4 ай бұрын 1602 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өсімдік атмосферадағы көмірқышқыл газын кальция карбонаатына айналдыратынын дәлелді. Халықаралық ғалымдар тобы. Бұл жайында islam.kz порталы scitechdaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша газды бұрын-соңды болмаған тиімділікпен аулап жинайтын ағаштың бары анықталып отыр. Бұл арада Кенияның (Африка құрлығы) Самбуру аймағында өсетін жемісті ағаш турасында сөз болып отыр. Көміртек – жердегі тыныс-тіршіліктің негізі, сол себепті, барлық өсімдік негізгі құрылыс материалы ретінде пайдаланылатын аағаш тінін атмосферадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Осымен қатар, нәтижесінде көмірқышқыл газынан кальций оксалаты пайда болатын оксалатты-карбонатты механизм бар. Бұл биоминерал өсімдіктерде кішкене кристалдар түрінде жинақталады. Өсiмдiк немесе оның бөлiктерi - бұтақтар мен жапырақтар жойылғаннан кейiн кейбiр микроорганизмдер оксалатты кальций карбонатына қайта өңдейдi, яғни, айналдырады. Ол топыраққа түсіп, оны сілтілі етеді, яғни, тыңайтқыш қызметін атқарады. Бұл кең таралған процесс, көптеген өсімдіктердің өмірлік циклінің бір бөлігі. Мысалы, осы механизм алғаш рет ашылған ироко (Milicia excelsa) өсімдігі өз өмірінде қоршаған топырақта кальций карбонатының тоннасына дейін жинай алады. Кения аумағында өсетін інжір ағашында екі процесс бір мезгілде қатар жүреді - өсімдік тірі кезінде оксалат да, кальций карбонаты да пайда болады. Зерттеулер өсімдік тіндерінде осы заттың кристалдарының бар екенін көрсетті. Осының арқасында інжірдің минералдар түріндегі көміртекті ұстап, жинақтау қабілеті тек өсу үшін көміртекті қажет ететін басқа өсімдіктердің ауаны тазарту қабілетінен бірнеше есе асып түседі. Енді ғалымдарға атмосфераны тазарту және өнім алу мақсатында інжірді жаппай отырғызудың шығындары мен пайдасын бағалау қажет.

0 пікір
Мұрағат