|
Күйзелісті емдеп, еңсеру бағытында маңызды жаңалық ашылды
|
Питтсбург университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша таныс иістер жағымды естеліктерді оятып, жағымсыз күйден арылуға көмектесетінін анықтады. Бұл жаңалықтың депрессиядан зардап шегетін адамдарды дертінен айықтыруға әлеуеті жететінін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы New York Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада естеліктерді оятатын таныс иістер турасында сөз болып отыр. Бұл бағыттағы зерттеуге жетекшілік еткен Кимберли Йанның айтуынша, таныс әрі жағымды иістің эмоциялық әсері сөзге қарағанда әлдеқайда күшті келмек. Бұл жаңалық күйзеліске бой алдырғандарды емдеуде қолданылуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді