|
Күн батареясы бал арасының жауы болып шықты
|
Күн батареялары климат дағдарысының одан ары тереңдеуіне жол берілмес үшін жаппай ензіліп жатыр. Жаңғыртпалы энергия көздеріне көшудің өз артықшылықтары болғанымен кемшіліктері де жоқ емес. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Алайда, қоршаған ортаға тигізер залалы жағынан қазбалы отын энергиясына қарағанда зиян аз. Десе де өзге де жанама факторлар шығып жатыр. Күн батареялары неғұрлым ұзақғырақ қолданылса, соғұрлым оның артық жағы мен кем-кемтігін білетін боламыз. Бұл жайында islam.kz порталы EcoPortal ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгілі болғандай, күн панелдері бөлетін электрлі-магнитті өріс әлсіз болып келеді, иондалмаған электрлі-магнитті сәулелену деңгейі төмен. Мұндай сәуле тек күн панелдерінен ғана емес, сонымен қатар, тұрмыстық құралдардан да бөлінеді. Мұндай қауіп адамдар мен бал араларының денсаулығына зиянын тигізбейді. Десе де аталған жәндіктің кеңістікте бағдарын анықтау үшін табиғаттағы электрлі-магнитті өріске арқа сүйейді. Ара жердің магнитті өрісін өз денесіндегі ағзамен (биологиялық компас тілі деп аталатын титтей құрал) сезеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жасанды электрлі-сагнитті өріс бал арасының қоршаған ортадағы бағдарынан жаңылыстырып, тіпті, өз ұясын таппай қалады. Күн батареяларымен қоңсы орналасқан бал аралары бар-жоғы төрт жылда жойылып кетеді.