|
Масаларға зауал келді
|
Ресей Федерациясы аумағындағы қыс мезгілінің жылы болуынан масалар жаппай қырылуы мүмкін. Бұл жайында Ресей ғылым академиясының су проблемалары институтының директоры Виктор Данилов-Данильян"Известия» мерзімді басылымына берген сұхбатында мәлім етті. Ғалымның айтуынша, күннің жылынуынан аталмыш жәндіктер ұйқысынан ерте оянғанымен аштан өледі. Азық тізбегі бұзылады. Масалар личинкасы шабақтар мен бақашабақтардың қорегі болғандықтан балықтар үйірі де кемитін болады. Жаһандық жылынудан өзендер кеш қатады, мұзы ерте ериді. Бұл процесс өз кезегінде бір-бірімен байланысты барлық тіршілік иелеріне қауіп төндіреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды