|
Мәскеу мен әлемнің өзге мегаполистеріндегі мешіттер саны салыстырылды
|
Мәскеу тұрғындарының қарасы жағынан әлемнің көптеген ірі мегаполистерінен едәуір алда болғанына қарамастан Ресей Федерациясының астанасындағы мешіттер саны бойынша он есе аз. Бұл жайында islam.kz порталы “Москва онлайн” мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған басылым 9,6 миллион тұрғыны бар Лондонда 1,5 мың мешіт бар екенін атап өтті. Ал тұрғындары 8,6 миллион адамнан асатын Нью-Йоркте 257 мұсылмандар құлшылық үйі жұмыс істеп тұр, 2,1 млн тұрғыны бар Парижде мұсылмандардың 75 ғибадат ғимараты бар. 13,5 миллион тұрғынның едәуір бөлігін мұсылмандар құрайтын Мәскеуде бар-жоғы бес мешіт тұрғызылған. Міне, осы көрсеткіштерден мұсылмандарға қай елдің қалай қарайтынын аңғаруға болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды